Қостанайда Қазақстан халық банкінің жаңа ғимараты ашылды

None
АЛМАТЫ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанайда «Қазақстан халық банкі» АҚ облыстық филиалының жаңа ғимараты ашылды.

Бұл туралы банктің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Оған қатысқан банк басшылығының сапары аясында облыстық филиалдың жеке қамқорлығындағы - «Қостанай облыстық балаларға арналған құлақ мүкісін түзету жөніндегі мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесіне телевизор, Қостанай облыстық Ішкі істер департаментіне 4 ноутбук табыс етті.

Халық банкінің облыстық филиалының жаңа ғимараты құрылыс стандарттарының бүгінгі күнгі талаптарын ескере отырып жобаланған. Жаңа орын-жай клиенттерге және қызметкерлерге ыңғайлы заманауи интерьерге ие болды. Филиал айына 6 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетеді деп жоспарлануда.

«Халық банкі өз клиенттеріне барынша таңдаулы сервис пен жағдайларды жасау үшін мүмкіндігінше қажетті шараның барлығын қабылдауда. Әрбір жаңа бөлімше, әрбір жаңа сатылым арнасы ашылған сайын біздің банк өз филиал желісін дамыту жөніндегі басты стратегиялық мақсатын жоспарлы түрде жүзеге асырып, сол арқылы клиенттерге барынша жақындай түсуде», - дейді Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Оның айтуынша, Халық банкінің Қостанай облыстық филиалы өңірдегі банк нарығында жетекші орынды ұстап отырған филиал. Ол Рудный, Лисаковск, Жетіқара, Арқалық қалаларының және облыстың Ұзынкөл, Меңдіқара, Денисов, Әулиекөл, Таранов, Сарыкөл, Федоров секілді жеті ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Облыстағы 1 мың 94 кәсіпорын мен ұйымның қызметкерлері өз жалақыларын Халық банкінің төлем карточкалары бойынша алады. Бүгінгі күні облыста  76 банкомат орнатылған.  Оның 39-ы ауылдық жерлерде, 37-сі  қалада.