Қостанайдың қатаң режимдегі колониясының сотталушылары қар мүсіндері байқауын өткізді
16:59, 05 Қаңтар 2012
ҚОСТАНАЙ. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай қаласында орналасқан УК 161/2 қатаң режимдегі колонияда қар мүсіндері байқауы өткізілді.
Бастықтың тәрбие ісі бойынша орынбасары Болат Байжановтың айтуынша, бұл байқау дәстүрлі сипатқа ие болды, ондағы жеңіске жеткен қатысушыларға ақшалай жүлделер беріледі.
Жаңажылдық қар мүсіндер колонияның аумағында орналасқан, оларды УК колониясы басшылығының өкілдерінен құралған комиссия бағалады. Биылғы жылы барлық қар мүсіндерін олардың авторлары бір тақырып - 2012 жылдың символикасы - Ұлуға арнады. Қорытынды бойынша 4-ші жасақтың мүсіні ең үздік болып танылды. Мүсіннің авторы 10 мың теңге көлеміндегі марапатқа ие болды.