«Көзқарас» саяси клубының көшпелі мәжілістерін өткізуге мүмкіндік бар - «Нұр Отан» ХДП

None
АСТАНА. Ақпанның 25-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін «Көзқарас» саяси клубының біржылдық қызметіне орай өткен отырыс барысында клуб мүшелері бірқатар ұсыныс-кеңестерді қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр Отан» ХДП-ның Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжановтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Ауыл», «Ақжол», «Әділет», «Руханият», Қазақстанның патриоттар және Қазақстан коммунистер партиялары өкілдері отырыс корытындысы бойынша ұсыныс-кеңестер қабылдады. Олар: қазақстандық қоғамның ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында өзара ынтымақтастыққа басымдық беру, осы бағыттағы заңсыз әрекеттердің жолын кесу, барлық өзекті мәселелер бойынша өзара пікір алмасу, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыстарды күшейту, бірлесіп жұмыс істеу үшін олардың іс-қимылын үйлестіру, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың қоғам алдындағы рөлін көтеру және қазақстандық қоғамның ұйысуына жағдай жасау.

«Көзқарас» саяси клубы құрылғалы бері бір жылдың ішінде біз барлық партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен ашық пікір алысуға қол жеткіздік. Бүгінгі отырыста айтылғандай, біздің арамызда ерекше жылылық пайда болды. Әрине, саяси мәселеде кейбір түсініспеушіліктер болады. Бірақ «Көзқарас» клубы осы олқылықтың орнын толтырып отыр. Сондықтан алдағы уақытта клуб мүшелерінің көшпелі мәжілістерін өткізуге әбден болады», - дейді «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжанов.