ҚПЛ: «Атырау» төрт айдан кейін жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХVII турында «Атырау» командасы 17 ойыннан кейін жеңіске жетті.
Атыраулық команда биылғы біріншілікті сәтсіз өткізіп келеді. Қазір турнир кестесінде ХVII турдан кейін небәрі 5 ұпай жинап, соңғы орынды тұрған еді. Сондықтан оларға бүгінгі кездесуде жеңіске жету маңызды болды.
Кездесу барысында «Атырау» сапынан 18-минутта Ян Труфанов соққан жалғыз голы В. Жуковский жаттықтыратын командаға жеңіс алып келді. Осылайша «Атырау» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Осылайша «мұнайшылар» төрт айдан кейін жеңіске жетті.
Аталған турда бүгін, 20 шілдеде енді «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Ордабасы» (Шымкент) кім мықтыны анықтайды.
Ал 19 шілдеде семейлік «Елімай» елордалық «Жеңіске» 1:2 есебімен жеңілсе, «Қайрат» (Алматы) пен «Қайсар» (Қызылорда) 1:1 есебімен тең түсті. Тағы бір кездесуде көкшетаулық «Оқжетпес» командасы Жезқазғанның «Ұлытауын» 1:0 есебімен жеңді.
Бұл турда 18 шілдеде өткен ойында «Астана» өз алаңында Түркістанның «Тұранын» 7:0 есебімен тізе бүктірді.