ҚР Дін істері агенттігінің дербес сайтында қызметтеріне тыйым салынған діни ұйымдардың тізімдері жарияланды
Агенттіктің ақпараттық порталында Қазақстан аумағында қызметтеріне тыйым салынған лаңкестік және экстремистік, оккультті-мистикалық діни ұйымдардың тізімдері, сонымен қатар, сот шешіміне сәйкес тыйым салынған діни әдебиеттерге қатысты ақпараттар орналастырылған.
Сайттан республикалық маңыздағы облыстар мен қалалардағы діни ахуалдар туралы мағлұматтарды алуға болады.
«Сонымен қатар, Агенттіктің аумақтық департаменттері мен оның қарамағындағы ұйымдардың байланыс мәліметтері, тұрғындардан келіп түскен сауалдар мен оларға берілген жауаптар орналастырылып, Агенттік пен азаматтардың өзара байланысын күшейту мақсатында ашылған сенім телефоны мен азаматтарды қабылдау кестесі берілген», - делінген хабарламада.
Сайттың «Мемлекет және дін» журналының электронды нұсқасымен және дін саласындағы барлық нормативті-құқықтық актілерден тұратын құқықтық базамен толықтырылуы - оның маңыздылығын арттыра түспек.