ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің орталық оркестрі мен ән-би ансамблінің гала-концерті өтеді

None
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Ертең елордадағы Конгресс-Холл сарайында ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің орталық оркестрі мен ән-би ансамблінің гала-концерті өтеді.

Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Астана тұрғындары мен қонақтарына патриоттық рух пен ұрпақтар сабақтастығы тақырыбында өзектелген әскери әндер, эксклюзивті, ерекше концерттік бағдарлама ұсынылады.

«Сондай-ақ көрермендер қазіргі эстрадалық әндермен қатар әлем халықтарының  билерін тамашалап,  әуендерін тыңдайды. Конгресс-Холл сарайының фойесінде Ішкі әскердің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттеріне арналған фотокөрме өтеді», - делінген хабарламада.