ҚР көлік және коммуникация министрі көліктік бақылаудың өңіраралық инспекцияларының басшылармен кеңес өткізді

None
АСТАНА. 9 қаңтар. қазАқпарат - 2012 жылғы 9 қаңтарда ҚР көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев көліктік бақылаудың өңіраралық инспекцияларының басшылармен кеңес өткізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Кеңесте автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізуді ұйымдастыру, автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүк тасымалдарын лицензиялау мәселелері қаралды.

Бүгінде Қазақстанда техникалық байқаудың 104 желісінің (62 тұрақты, 42 жылжымалы) жұмысы ұйымдастырылған. Олар 43 техникалық байқау орталықтарында орналасқан. Ашылған техникалық байқау орталықтары туралы барлық ақпарат (мекен-жай, байланыс телефондары) Көліктік бақылау комитетінің сайтында (www.transportcontrol.gov.kz ) көрсетілген

Ағымдағы жылғы 6 қаңтарда көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен Техникалық байқаудан өту қорытындылары туралы ақпаратты біртұтас базаға тапсыру талаптары бекітілді.

2011 жылғы шілдеде Жолаушы тасымалдарын лицензиялау ережелері бекітілді. Лицензиялауды енгізу қажеттілігі тасымалдар нарығына білікті тасымалдаушылар мен сәйкес жылжымалы құрамды өткізу, осы арқылы тасымалдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатынан туындады. Лицензияға қол жеткізу үшін қойылатын шарттардың бірі - тахографтардың болуы.

Қазіргі таңда жолаушы тасымалдарын жүзеге асыру құқығын  беретін 566 лицензия тапсырылды. Тұрақты тасымалдарды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың 74 пайызы лицензияларын алды. Тұрақты емес тасымалдарда тасымалдаушылардың 33 пайызы лицензияланды.

Кеңесті қорытындылай келе, министр Б. Камалиев көліктік бақылау комитеті мен оның өңіраралық инспекцияларының басшыларына заң талаптарының лицензиялау арқылы қатаң орындалуын қадағалауды тапсырды.