ҚР Премьер-Министрі Қазақстанның мемлекеттік шекарасын одан әрі нығайту мәселелері бойыншва кеңес өткізді

None
АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанның мемлекеттік шекарасын одан әрі нығайту мәселелері бойынша кеңес өткізді,

деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Кеңесте Кеден одағы ауқымында республиканың шекараларын қосымша жайластыру жөніндегі тұрғылар қаралды. Атап айтқанда, бірыңғай кеден аумағына контрабандалық тауарлар әкелудің жолын кесу, лаңкестікке, есірткі ағынына және трансұлттық қылмысқа қарсы тұру үшін кедендік бекеттерді қосымша техникалық жарақтандыру мәселелеріне назар аударылды.