ҚР Президенті «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына қол қойды

None
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдің энергетикалық және экологиялық қауіпсздігін қамтамасыз етуге, тұтынушылардың барынша кең ауқымын газбен үздіксіз қамтамасыз етуге және отын-энергетика балансында газдың үлесін ұлғайтуға, өндірілетін ілеспе газды ішкі қажеттерге тиімді пайдалануға жағдай жасауға, газбен жабдықтау жүйелері нысандарын тиімді және қауіпсіз пайдалануға бағытталған «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.