ҚР Президенттік мәдениет орталығының директоры Елбасына қазіргі Қазақстанның тарихы бойынша алғашқы 14 том еңбекті табыс етті

None
АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенттік Мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбековті қабылдады.

М.Жолдасбеков орталықтың жұмысы, соның ішінде қазіргі Қазақстанның тарихына қатысты кітаптар шығару ісі туралы әңгімеледі, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

- Мен бүгін Президентке алғашқы 14 томды табыс еттім, олар «Тәуелсіздік шежіресі», «Елмен сырласу», «Ел басшысы жолдады - елі қолдады», «Әлем Қазақстан туралы, әлем Президент туралы» атты төрт сериядан тұрады. Біз биыл осы жобаның тағы да 19 томын баспаға дайындаймыз, жалпы 2015 жылға қарай барлығы 138 том шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл басылымдар жас ұрпақты Отанымыздың тарихымен таныстырады, олардың бойына отаншылдық рухын сіңіруге септігін тигізеді. Президент біздің бұл ісімізді құптады, - деді М.Жолдасбеков.