ҚР Үкіметі байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпарат жинау және сақтауды жүзеге асыру ережелерін бекітті

None
АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпарат жинау және сақтауды жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» қаулыға қол қойды. "ҚазАқпарат" ақпараттық агенттігі қаулының мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Астана, Үкімет үйі, 2010 жылғы наурыздың 30-ы. № 246

Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпарат жинау және сақтауды жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» 2004 жылғы шілденің 5-індегі Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпарат жинау және сақтауды жүзеге асыру ережелері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

К.Мәсімов