ҚР Үкіметі Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне қазақстандық мақта талшығына сапа сараптамасына мақсатты ағымдағы трансфеттерді пайдалану ережелерін бекітті

None
АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне қазақстандық мақта талшығына сапа сараптамасына республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансфеттерді пайдалану ережелерін бекіту туралы» қаулыға қол қойды. «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігі қаулының мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Астана, Үкімет үйі, 2010 жылғы ақпанның 2-сі. № 59

«Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне қазақстандық мақта талшығына сапа сараптамасына мақсатты ағымдағы трансфеттерді пайдалану ережелерін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасының «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы шілденің 21-індегі және «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы желтоқсанның 7-сіндегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне қазақстандық мақта талшығына сапа сараптамасына республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансфеттерді пайдалану ережелері бекітілсін.

2. Осы қаулы 2010 жылғы қаңтардың 1-інен күшіне енеді және ресми жариялауға жатады. .

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

К.Мәсімов