ҚР Үкіметінің «Шекті тарифтерді бекіту туралы» қаулысына өзгертулер енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2011 жылғы 29 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі №1628
«Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №392 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №392 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж. №17, 142 құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген шекті тарифтерде:
«11-топ» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
Тобы Жылдар бойынша шекті тарифтер
2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015
11-топ 7,23 7,23 7,23 9,54 10,34 10,96 11,62».
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.