Құлсарыда жаңа Мәдениет үйі салынды
15:02, 11 Қыркүйек 2010
АТЫРАУ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысындағы мұнайлы Жылыой ауданының орталығы - Құлсары қаласында жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді.
400 орынға арналған және екіқабатты ғимаратта үлкен зал, сондай-ақ түрлі үйірмелер мен студияларға арналған жайлар бар. Мәдениет үйі техникалық тұрғыдан да жақсы жарақталып отыр.
Жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілгенше, құлсарылықтар аудандық көлемдегі түрлі іс-шараларды өткізу үшін мұнайшылар ғимаратын жалдап келген болатын. Кеңес дәуірінен қалған 600 орындық бұрынғы мәдениет үйі 90-ы жылдары жекешелендіріліп кеткен.