Құранды өртеу акциясына наразылық білдірген халық Ауғанстандағы НАТО базасына тас лақтырды

None
АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 11-інде Құранды өртеу туралы американдық пастордың идеясына наразылық білдірген бірнеше мыңдаған адам Ауғанстанда НАТО базасының алдына жиналды. Акция барысында тәртіпсіздіктер орын алып, халық күзетшілермен қақтығысты.

Sky News агенттігінің ақпараты бойынша, бірнеше демонстрант атып өлтірілді, 11 адам жарақат алды.

Дереккөздердің хабарлауынша, наразылық акциясына қатысушылар Бадахшан провинциясында неміс әскерилері орналасқан НАТО базасына тас лақтырған. Уәлаят губернаторы өкілінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, наразылық шарасына шамамен 10 мыңдай адам қатысқан.

Ауғандықтар американдық пастордың Құранды өртеу идеясынан бас тартқанынан бейхабар болса керек. Өз приходына келушілерді қыркүйектің 11-інде Құранның көшірмесін өртеуге шақырған флоридалық пастор Терри Джонс бұл ойынан бас тартқанын, ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.

Dove World Outreach Center шіркеуі пасторының айтуынша, Нью-Йорктегі жаңа мешіттің лаңкестер жойған Дүниежүзілік сауда орталығы мұнараларынан қашықтау салынатындығы туралы оған уәде берілгеннен кейін, ол ертеңге жоспарланған акциядан бас тартқан-мыс. Бірақ, мәселенің шын мәнінде солай-солай еместігі белгісіз.

Пастордың бұл идеясы бастапқыда әлем мұсылмандарының үлкен наразылығын туғызды; АҚШ өкіметі мен Ватикан да оны айыптады. Интерпол, Құранды өртеу акциясы дүниежүзі бойынша лаңкестік белсенділікті өршітетінін мәлім етті, деп хабарлайды Lenta.ru сайты.