Құтқарушы жасақтар Қатонқарағай ауданына ауысты- Шығыс Қазақстан

None
ӨСКЕМЕН. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін түнде Зайсаннан Қатонқарағай ауданына Шығыс аймақтық аэромобильді жедел-құтқарушы отрядының мамандары келді,

деп хабарлайды төтенше жағдайлар қызметінен.

Облыс тұрғындары тасқын судың екінші толқынына дайындалуда - бұл жолы шығыс және солтүстік аудандарға тасқын су төніп отыр.

Көктем тосын мінездер көрсетуін тоқтатар емес - өткен тәулікте облыста тағы қар жауды, бірқатар аймақтарда тұман болып, жолдарда көктайғақ байқалды.

Аймаққа көмекке келген Қостанай облысының құтқарушылары өткен тәуліктерде Көкпекті-Қалбатау тас жолындағы қар құрсауларынан 123 адамды құтқарып, оларды Көкпекті ауылының орта мектебіне жайғастырды. Ал №59 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Жантікей ауылының маңында (Ақсуаттан 60 шақырым жерде) қар құрсауларынан 37 адамды құтқарып, жақын маңдағы елді мекендерге жеткізді. Сол Тарбағатай ауданында Бұғаз ауылына жақын жердегі тас жолдан қар құрсауынан тағы 16 адам құтқарылды.