Қырғыз Республикасы кеден қызметінің өкілдері Алматыға іссапармен келді

None
АЛМАТЫ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыға Қырғыз Республикасы кеден қызметі өкілдері екі күндік іссапармен келді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық кедендік бақылау департаметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Іссапар аясында бүгін екі елдің кеден қызметкерлері арасында жұмыс кездесуі өтті. Онда кеден қызметтері арасындағы ынтымақтастықты одан ары нығайту мәселесі қаралды. Мәселен, Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік шекараларындағы құжаттық бекеттерін дәрежелендіру, шекарада бірлескен бақылауды жүзеге асыру, кеден саласы маңындағы ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы өзара әрекеттестік жайы талқыланды. Онда сондай-ақ, екі елдің «Айша Бибі», «Чон-Капка» көп тарапты өткізу бекеттеріндегі 2008 жылғы желтоқсанның 20-сы мен 2009 жылғы маусымның 20-сы аралығындағы тұлғаларды, тауарлар мен көлік құралдарын бірлесіп бақылауды ұйымдастыру жұмысының қорытындысы қанағаттанарлық деп танылды. Енді екі елдің кеден қызметтерінің басшыларының қатысуымен ертең арнайы дөңгелек үстел жиыны өтеді деп жоспарланып отыр.