Қырғызстанда сайлауалды науқан басталды
16:31, 10 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Қырғызстанда бүгін сайлауалды науқан ресми басталады, деп хабарлады «Азаттық» радиосы. Парламент сайлауға 1 ай мерзім қалды.
Республика парламентіндегі 120 орынға 29 саяси бірлестік таласып отыр. Олардың қатарында Қырғызстанның уақытша үкімет мүшелері жетекшілік ететін партиялар және оппозициялық күштер бар.
Қырғызстан Президенті Роза Отынбаева, егер сайлауалды науқан елдің тұтастығына қауіп төндіретін болса, Қырғызстанда төтенше жағдайлар енгізілуі, ал сайлауға дайындық - тоқтатылуы мүмкін екенін науқанға қатысушыларға ескертті.
Жаңа конституцияға сәйкес, Қырғызстан парламенттік республикаға айналмақ.