Қытайдың оңтүстігінде бір үйдің кіреберісі астынан диназавр қаңқасы табылды (ФОТО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігінде Гуаньдун провинциясындағы ауылдардың бірінде үйдің кіреберісі астынан жақсы сақталған динозавр сүйегі мен 213 жұмыртқа табылды, деп жазады The South China Morning Post.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, диназавр сүйегі шілденің аяғында табылған. Көпке дейін хабарланбаған себебі тұрғындар өздері қазба жұмыстарымен айналысқан болуы керек.

Полиция құнды жәдігерлердің бұдан көбірек болғанын жоққа шығармайды, оларды тұрғындар кәдесый ретінде бөліскенге ұқсайды.

Динозаврдың ұзындығы екі метрге жететін болған. Ол бор дәуірінде, 65 млн жыл бұрын тіршілік еткен, шөпқоректі.