«Қызыл-сары түстілер» Жоғары Раданың мәжілісін болдырмай тастады

None
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпара - «Юлия Тимошенконың блогы» фракциясының депутаттары Украинаның Жоғарғы Радасының мәжілісін болдырмай тастады.

«Қызыл-сары түстілер» парламент мінбесі мен президиумын қоршап алып, оған ешкімді өткізбей қойған. Жеті депутат -мінбені, тағы 20 халық қалаулысы - президиумды жауып тастап, микрофонға ешкімді жібермей қойған және Раданың мәжілісін ашуға мүмкіндік бермеген, деп хабарлайды "Украинские новости" басылымы.

Блок жақтаушылары залдың кей жерлерінде «Зейнет жасын көтеру - адамдарға қарсы жасалған қылмыс», «Коммуналдық озбырлық тоқтатылсын!» және т.б. жазулар жазылған плакаттар жайған. «Қызыл-сары түстілер» үкіметтен шағын және орта бизнеске салықтық жеңілдіктер белгілеуді және зейнет жасын көтеруге тыйым салуды талап етуде.