Қызылағаш ауылында 500-ге жуық отбасы туыс-жақындарымен хабарласу үшін ұялы телефондар алды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі штабында Алматы облысы әкімдігінің өкілдері су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш ауылының тұрғындарына әрқайсысының шотына 5 мың теңге салынған ұялы телефондар табыс етті.

Бұл шара GSM Казахстан Kcell ұялы байланыс операторының қолдауымен жүзеге асып отыр, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Kcell компаняисының өкілі Натальи Еськованың ақпараты бойынша, әр отбасына бір ұялы телефоннан берілді. Ұялы телефонды, ауыл тұрғындарымен қоса, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері де, атап айтқанда, ауыл әкімдігінің қызметкерлері, бас дәрігер, сондай-ақ Қызылағаштағы төтенше оқиғаның салдарын жоюмен айналысатын штабың өкілдері де алды.

«Қазіргі таңда ауылда 500-ге жуық отбасы, сондай-ақ төтенше оқиғаның салдарын жоюмен айналысып жатқан ведомстволардың қызметкерлері бар. Олардың барлығы ұялы телефондар алды. Қалыптасып отырған жағдайда олар телефон байланысына аса мұқтаж», - деп хабарлады Н.Еськова ханым.

Қызылағаш ауылы әкімінің міндетін атқарушы Сәуле Амитова «қиын кезеңде өз отандастарына көмек қолын созып отырған GSM Қазақстан/Kcell компаниясына разымыз», деп атап көрсетті.