Қызылорда облысында жанып жатқан үйден қашып шықпақшы болған 44 жастағы әйел елеулі жарақат алып, мерт болды

None
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысында жанып жатқан үйден қашып шықпақшы болған 44 жастағы әйел елеулі жарақат алып, мерт болды,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Қызылорда облысының Арал қаласында жеке тұрғын үй өртенді. Терезе арқылы қашып шықпақшы болған 44 жастағы әйел елеулі жарақат алып, ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Өрт болған жерден күйікке шалынған және газ иісінен уланған 19 жастағы жігіт пен 9 жасар бала ауруханаға жеткізілді.

Жалын 35 шаршы метр аймақты шарпыды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 7 адамы мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.