Қызылорда облысында «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 51 жоба жүзеге асырылады

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Үстіміздегі жылы Қызылорда облысында «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 51 жоба жүзеге асырылғалы отыр.

Бұл үшін 1622,5 млн. теңге қаржы қарастырылған. Негізінен республикалық бюджеттің есебінен беріліп отырған бұл қаржыға 33 жол жөндеу, 15 су құбырларын салу, 3 мектепті күрделі жөндеуден өткізу секілді іргелі жобалар атқарылады.