Қызылордада көліктерді техникалық тексеруден өткізетін орын белгіленді

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Үстіміздегі жылдың басынан бастап елімізде автокөліктерді техникалық тексерістен өткізу жекелеген кәсіпкерлердің қолына өткізілді.

Осыған орай Қызылорда облысында тексерістің бұл түрін жүргізетін орын белгіленіп қойылды.

- Міндетті техникалық тексеріс процедурасы сонымен бірге мүлде жаңаша тәртіппен, бұрынғыдан  елеулі айырмашылығы бар жаңа ереже бойынша жүргізіледі, - дейді осы орайда «Оңтүстік» аймақаралық көлік бақылау инспекциясының Қызылорда облысындағы №2 бас мемлекеттік инспекторы Батырхан Тәукебаев.  

Сарапшылардың айтуы бойынша, тексеруден өткізудің орташа төлемі 3000 теңгені құрайды. Тізімде көрсетілгендей, Қызылорда облысының автокөлік иелері облыс орталығындағы Желтоқсан көшесі №160 үйде ораласқан «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ және Байқоңыр қаласындағы Абай көшесі №36 «б» мекен-жайында орналасқан ЖК «Сауытбаев» мекемесінде жүргізіледі. Аталмыш орталықтар дүйсенбі және жұма күндері аралығында қызмет көрсетеді.