Қызылордада Семей полигоны зардабынан қайтыс болғандарды еске алу болып өтті

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада Семей полигоны зардабынан қайтыс болғандарды еске алу шаралары болып өтті. Шараға қатысушылар алдымен облыс орталығындағы Тағзым алаңына жиналып,құрбандарды еске алу есебінде «Мәңгілік алау» мемориалына гүл дестелерін қойды.

Жиынды облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Руслан Рүстемов ашып,Семей топырағында барлығы 456 рет сынақ жүргізілгенін атап өтті. Осы сынақтардың бәрі жергілікті тұрғындар мен қоршаған ортаға өзінің залалын тигізбей кеткен жоқ. Бұл қасіреттің тоқтатылуына егемен еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамызда Семей полигонын жабу туралы Жарлығы себеп болды. Жиында полигондағы сынақты өз көзімен көріп қайтқандар естеліктер айтты.