Қызылордада үш жинақ-модуль дүкені ашылды
19:09, 30 Желтоқсан 2011
ЗЫЛОРДА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада үш жинақ-модуль дүкені ашылды. Оларда көкөніс және азық-түлік өнімдері сатыла бастады.
Аталмыш дүкендердің басқа магазиндерден айырмашылығы, оларда аталған тауарлар нарықтық бағадан айтарлықтай арзан сатылады. Қазіргі таңда Үкімет басшысының тапсырмасымен бүкіл елімізде аймақтық азық-түлік қорын қалыптастыру шаралары қолға алынып жатыр. Олардың басты мақсаты - халық көп тұтынатын азық-түлік тауарларының бағаларын маусымдық және алыпсатарлық ауытқушылықтан қорғап қалу болып табылады. Қызылорда қаласында мұндай маркеттердің 10-ы ашылуы керек болса, соның үшеуі жыл соңына дейін қатарға қосылып үлгерді. Бұл дүкендерде қорды қалыптастыру үшін белгіленген 7 өнім түрі ғана емес, олардан бөлек ет өнімдері де қалыпты бағамен сатылып жатыр.