Қызылордадағы «ПетроҚазақстан» акционерлік қоғамы 915 млн. теңгеге тұрғынжай салды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ -Қызылорда облысы аумағында мұнай өндіріп жатқан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамы жұмысшылардың жағдайын жақсарту мақсатында 915 млн. теңгеге қосымша вахталық тұрғынжайлар салды. Мұнда 975 млн. теңгеге Арысқұм өңірінде 200 орындық, 210 млн. теңгеге Қызылқия жерінде 50 орындық жаңа қоныстар тұрғызылды.

Компания былтырғы жылдан бастап қызметкерлерді жұмыс орындарына апарып, алып қайтатын автобустарды да жалдап отыр. Ішінде салқындатқыштары бар бұл төрт жайлы көлік үшін қоғам тағы 30 млн. теңге қаржы шығарды. Бұл жұмыстардың бәрі акционерлік қоғам мен кәсіподақ комитетінің 2010-2013 жылдарға арналған ұжымдық келісім-шартына орай жасалып жатыр.