Лениннің ескерткішін көсемнің туған күніне қайтадан орнына қояды
Қалалық мүсін мұражайының директоры Владимир Тимофеевтің журналистерге айтуынша, оны қайта жаңғыртуға жібермесе кез келген уақытта құлауы мүмкін еді.
Қазіргі уақытта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Енді ескерткішті қайта орнату сәуірдің 20-сында басталып, пролетариат көсемінің туған күніне - сәуірдің 22-сіне аяқталады.
Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылғы сәуірдің бірінде таңертең белгісіз біреулер Финляндия вокзалында Ленин ескерткішін жарып жіберген болатын. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біраз пікірталастардан кейін монументті жаңартуға жіберу қажет деген шешім қабылданды.
Лениннің Финляндия вокзалындағы қола мүсіні - Федералдық маңыздағы ескерткіш. Ол 1926 жылы қарашаның 7-сінде ашылған болатын. Мүсінші Сергей Евсеев, сәулетшілер Владимир Щуко, Владимир Гельфрейх.