Ливанда Boeing 747 ұшағы апатқа ұшыраған кезде қаза тапқан барлық 90 адамның денелері табылды

None
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Ливанда Boeing 747 ұшағы апатқа ұшыраған кезде қаза тапқан барлық 90 адамның денелері табылды, бұл туралы Ethiopian Airlines әуе компаниясы мәлім етті,

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Дегенмен, компания әзірге апаттың нақты себебін айтқан жоқ, тек ол туралы айтуға «әлі ерте» екенін атап көрсетті.

Эфиопиялық әуе компаниясының қаңтардың 25-іне қараған түні апатқа ұшыраған ұшағының қара жәшіктері табылғаны бұдан бұрын хабарланған болатын. Boeing-747 ұшағының қара жәшіктері Бейруттың батысына қарай 8 шақырымдай жерден, 1 мың метрдей су тереңдігінен көтерілген болатын. Табылған осынау жабдықтар апаттың нақты себебін анықтауға көмектеседі деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Ethiopian Airlines компаниясының ұшағы Бейруттан енді ұшып шыққан кезде, Жерорта теңізіне құлаған болатын. Апат болған ұшақтың ұшқышы диспетчердің нұсқауын орындаудың орнына, күрт және әдеттен тыс маневр жасап, содан кейін ұшақтың радардан жоғалып кеткені хабарланған еді.