«Локомотив» АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы тағайындалды
18:32, 08 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - «Локомотив» АҚ президентінің бұйрығымен Асқар Бақытұлы Мақсұтов «Локомотив» АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен мәлім етті.
А.Мақсұтов «Локомотив» АҚ -ның экономика және қаржы саласы қызметіне жауапты болады.
Ол 1973 жылы Алматы қаласында туған. Экономика және менеджмент мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.