Лос-Анджелестегі жол-көлік оқиғасынан 20-дан астам адам зардап шекті
17:55, 19 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты) жол-көлік оқиғасынан 20-дан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды ТАСС қалалық өрт сөндіру қызметі.
Жергілікті қалалық өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, жүргізуші көлігімен көпшілік жиналған жерге барып соғылған.
– Алдын ала болжам бойынша, кем дегенде 4-5 адамның жағдайы ауыр, 8-10-ының жағдайы орташа ауыр, 10-15-інің жағдайы қанағаттанарлық, - делінген хабарламада.
Жол апаты Санта-Моника бульварында болған.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлемдегі ең қарт марафоншы Үндістанда жол апатынан қаза тапқанын жазған едік.