Маңғыстау облысына Қазақстанның 5 облысы 100 млн. теңгеден қаржы бөлді - Үкімет отырысы
18:17, 10 Қаңтар 2012
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Маңғыстау облысына Қазақстанның 5 облысы 100 млн. теңгеден қаржы бөлді.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақтаудан селекторлық кеңес арқылы байланысқа шыққан Жаңаөзен қаласын қалпына келтіру бойынша үкіметтік комиссияның төрағасы-«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Үкімет қаулысымен еліміздің әр облысы Маңғыстау облысына 100 млн. теңгеден қаржы аударуға міндеттелген болатын.
«Бүгінде 5 өңір тиісті қаржыны бөлді», - деп түйіндеді сөзін Ө.Шөкеев.