Мәжілісте 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет жоспарына қатысты заң жобаларының таныстырылымы өтеді

None
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 13-інде Мәжілісте үш жылдық республикалық бюджетке қатысты үш заң жобасының таныстырылымы өтеді. Бұл шараны Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті ұйымдастырып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011-2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», сондай-ақ «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттері арасындағы 2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобалары таныстырылады.

Заң жобасы жөнінде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев баяндама жасап, аталған заң жобаларының басты ерекшеліктері, бюджет жоспарының негізгі көрсеткіштері туралы депутаттарға түсінік береді.