«МелоМен» тобының мүшесі Жігер Ауыпбаев топтан кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «МелоМен» тобындағы әнші Жігер Ауыпбаев топтан кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Baistars.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы әншінің өзі журналист Асхат Садырбайға берген сұхбатында айтқан.

«Аллаға шүкір, осы уақытқа дейін арамызға ақша немесе басқа да нәрсе түсіп көрген емес. Бұл жолы осындай қиын жағдай болып қалды. Мүмкін бір-бірімізден шаршағандықтан да болар, мүмкін бір-бірімізді бағаламай да кеткен шығармыз, білмеймін. Жігіттермен арамызда түсініспеушілік нәрсе өте көп болды, бірақ, оның бәрі - арамыздағы нәрсе», - деді әнші.

«МелоМеннің» құрамы жаңара ма, толыға ма, ол жағы әзірге белгісіз.