Мемлекет басшысы Денис Мантуровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
12:38, 10 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасарын І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Денис Мантуровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Президент Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасарын қабылдағаны туралы хабарланған. Кездесуде Қазақстан Президентінің Мәскеуге жасайтын мемлекеттік сапары аясында қаралатын көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты бағыттары талқыланды.