Мемлекет басшысы Queen’s University Belfast президенті және вице-канцлерімен кездесті
16:06, 31 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Queen’s University Belfast президенті және вице-канцлері Иан Грирді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті Ұлыбританияның жетекші ғылыми-зерттеу университетіне еліміз айтарлықтай қызығушылық танытатынын, бұл байланыс аясында білім берумен бірге ғылыми-зерттеу қызметіне ден қою көзделгенін айтты.
Кездесуде түрлі сала, соның ішінде ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау мәселесі талқыланды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Woosong білім беру қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ким Сонг Кёнгты қабылдады.