Мемлекет басшысы: Тәуелсіздік жылдарындағы біздің ең қымбат құндылығымыз - береке, бірлігіміз
12:57, 11 Қаңтар 2012
АЛМАТЫ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тәуелсіздік жылдарындағы біздің ең қымбат құндылығымыз - береке, бірлігіміз.
Елбасы бүгін Алматыда Президенттік және Мемлекеттік стипендия иегерлерін марапаттау кезінде осылай айтты.
«Соңғы кезде болған оқиғалар бәрімізді қынжылтқанын өздеріңіз білесіздер. Байыпты да, парасатты пікір айтып жүргендеріңіздің барлығын білемін. Барлығыңызға сол үшін ризашылығымды айтамын. Ол халықтың шаруасы, жалғыз Президенттікі емес. Біз ондай оқиғалардың алдын алуымыз керек»,-деді Мемлекет басшысы.
Ел болған соң, жұрn болған соң әр жерде әртүрлі жағдайлар болып тұрады. Н. Әбішұлының айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік жылдары береке, бірлікпен дүниежүзін таңқалдырды. «Ел болмайды, жұрт болмайды, қырық руға бөлінеді дегендердің бәрі қазір Қазақстанды мойындады».