Мемлекет басшысы «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» ҚР заңына қол қойды
15:31, 29 Қаңтар 2013
АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Заң жеке басты куәландыратын құжаттар саласындағы мемлекеттік реттеу негіздерін белгілеуге, олардың тізбесін, беру, алу, дайындау және жою тәртібін заңнамалық деңгейде анықтауға бағытталған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.