Мемлекет басшысының Өкімімен Фархад Қуанғанов ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды
16:41, 08 Сәуір 2010
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Фархад Шаймұратұлы Қуанғанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.