Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Ермекбаев ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
18:52, 09 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев басқа жұмысқа ауысымен байланысты Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.