Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Сарыбай ҚР Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды

None
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қайрат Шораұлы Сарыбай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.