Мемлекеттік қызмет сапасы жіті бақылауға алынбақ - Қазақстанның азаматтық альянсы

None
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Қазақстанның азаматтық альянсы халыққа мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік қызметтерді бақылауға арналған жүйені құру жобасын таныстырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымның атқарушы директоры Алина Хаматдинова атап көрсеткендей, жобаның басты мақсаты - мемлекеттік қызмет сапасын көтеру. «Бұл мәселе Елбасының биылғы Жолдауында да атап өтілген болатын. Ал осы проблеманың мән-жайын тек мемлекеттік қызметтің нақты тұтынушысы ғана, яғни халық ашық айта алады. Сондықтан жаңа жүйеге сәйкес мемлекеттік қызметтердің сапасын халық анықтайтын болады. Олар өз пікірлерін интернет және басқа да байланыс түрлері арқылы жібере алады. Сондай-ақ қызмет сапасын арнайы орталықтар және еріктілер топтары қадағаламақ», - дейді А.Хаматдинова.

Жалпы, жаңа жоба екі жылға есептелген. Биыл оның алғашқы кезеңі іске қосылады.