Мереке күндері елордада ешқандай жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ
13:25, 04 Қаңтар 2012
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 31 желтоқсаны мен 2012 жылдың 3 қаңтары аралығында елорданың жол полициясы күшейтілген режімде жұмыс істеді,
деп хабарлады Астана қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, мереке күндері елордада 1 ғана жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жаңа жыл түні және мереке күндері қаза тапқандар жоқ. Сондай-ақ мереке күндері мас күйде көлік басқарған жүргізушілер тіркелмеді.
Толықтай алғанда, 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында жол полициясы назарына 172 түрлі жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі ілінді. 25 жүргізуші көлікті ішімдік ішкен күйі басқарғаны үшін ұсталды. Ал 4 жүргізушіге белгіленген жылдамдық асырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.