Мобильді телефон несие картасының, есік кілтінің, тұрмыстық аспаптарды басқару тетігінің және дабылнаманың қызметтерін атқаратын болады - зерттеу қорытындысы

None
АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Болашақта мобильді телефон несие картасының, есік кілтінің, тұрмыстық аспаптарды басқару тетігінің және дабылнаманың қызметтерін атқарады. TeliaSonera компаниясы жүргізген зерттеуге қатысқан респонденттер осындай көзқарас білдірген,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зерттеу «United Minds» ұйымымен 2009 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында жеке заңды тұлғалар арасында Қазақстан, Швеция, Финляндия, Норвегия, Дания және Литвада жүргізілген. Қазақстандағы интернет-сауалнамаға 1050 жеке тұлға мен 502 ұйымның қызметкерлері қатысқан. Заманауи байланыс тәсілдері қазақстандықтардың өмірін жеңілдетеді сонымен қатар жоғарыдағы көзқарасты респонденттердің 98 пайызы білдірген. Зерттеу бойынша респонденттердің 91,2 пайызы телекоммуникация құралдары жалғыздық сезімінен арылуға мүмкіндік береді деп куәландырған. Бұдан бөлек, сауалнама Қазақстандағы интернет тұтынушыларының 64,3 пайызы ғаламдық желіге мобильдің көмегімен шығатынын көрсеткен, оның ішінде 31,3 пайызы мұны аптасына бірнеше рет, ал 11 пайызы күнде кіретіндігін айтқан.

«Технологиялардың дамуы - шексіз үдеріс және болашақта телекоммуникациялар қызметтері күмәнсіз кеңейе бермек. Бұған едәуір деңгейде Қазақстан 3G, ал кейіннен LTE технологияларын ендіру себеп болмақ», дейдіKcell компаниясының өкілі А.Досаева.