Мүгедектігі бар жандарға Яндекс такси қызметі қолжетімді болады
11:07, 27 Маусым 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мүгедектігі бар жандарға Яндекс такси қызметі қолжетімді болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Менталды ауруы бар балаларды шипажайлық-курорттық емдеу Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, пилотты түрде жүргізілетін болады. Алдымыздағы жарты жылдықта өңір басшылары осы санаттағы 1126 баланы шипажайда емдеуді қарастырып, қажетті қаражат бөлді», - деді ол.
Министр алдағы уақытта мүгедектігі бар жандарға Яндекс такси қызмет көрсететіндігін атап өтті.
«Сонымен қатар инватакси мәселесін түпкілікті шешу үшін Яндекс таксимен келіссөздер жүргізілді. Алматы, Астана қалаларында осы платформа қызметі мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімді болмақ», - деді Тамара Дүйсенова.