Мұнай бағасы 76,35 доллар/баррельге жетті

None
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 1-індегі сауданың қорытындысы бойынша, Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының ресми бағасы 1,99 долларға көтеріліп, 73,91 доллар/баррельге жетті.

Ал Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың ресми бағасы 1,71 долларға қымбаттап, 76,35 доллар/баррельді құрады, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Сарапшылардың пікірінше, инвесторлардың көңіліне дем беріп отырған АҚШ пен Қытайдағы өнім өндірісі туралы оң мәліметтер мұнай бағасының көтерілуіне негіз болып отыр.