Н.Назарбаев «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңына қол қойды

None
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің экономикасының басым секторларындағы индустриялық-инновациялық қызметтің құқықтарын белгілеуге, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін ынталандыруға және оны мемлекеттік қолдаудың шараларын анықтауға бағытталған «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.