Н. Назарбаев кәсіпкерлер қауымдастықтарын біріктіретін бірегей орган құруды ұсынды

None
АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысы барысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шағын және орта кәсіпкерлікте Үкіметпен бірігіп жұмыс істейтін, өздерін қорғай алатын орган секілді бірегей алаң жоқ. Бүгінгі күні бытыраңқы көптеген бірлестіктер қызмет етеді. Жалпы, бұны ретке келтіру керек. Кәсіпкерлер кеңесінің жаңа құрамын жасақтауда бұған да көңіл бөлу шарт. «Атамекен», «Кәсіпкерлер форумы» секілді ұйымдар жеткілікті. Сондықтан да, кәсіпкерлердің қауымдастығы мен корпорацияларын біріктіретін бірегей орган құруды ойластыру керек», деді Елбасы.

Президенттің айтуынша, бұндай орган Үкіметпен бірлескен жұмыстар атқарып, заң жобаларын әзірлеу, бақылау жасау қызметтерін атқаратын болады.