Н.Назарбаевтың ЕҚЫҰ-ны реформалау жөніндегі шақыруы дер кезінде айтылып отыр - Әзірбайжан парламентінің депутаты Айдын Мырзазаде
- Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кез келген елдің небәрі бір жылдық төрағалығы ішінде айтарлықтай маңызды шешімді жүзеге асыруы қиын. Бірақ, менің пікірімше, ЕҚЫҰ-дағы белгілі бір ел төрағалығының шақырулары маңызды. Егер бұл шақырулар уақытпен үндес, көкейкесті проблемаларды қозғайтын және оларды іске асыру жолдарын көрсететін болса, онда олар елеусіз қалмайды.
Қазақстанның Президенті өз мақаласында ең маңызды проблемалардың бірін - Шығыс пен Батыстың өзара іс-қимылын қозғаған деп ойлаймын.
Мен ҚР Президентінің мақаласын ден қойып оқып шықтым және ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығы кезінде көтеретін мәселелерді атайтын болсам, олар - лаңкестікке, есірткі ағынына қарсы күрес, экологиялық қауіпсіздікті сақтау, ұлтаралық және дінаралық қатынастар проблемалары, нәсілшілдікке, антисемитизмге қарсы күрес, Корфу үдерісін іске асыру, Ауғанстанды оңалтуға көмек көрсету және т.б.
Бұл мәселелер түрлі халықаралық кездесулерде талқылануда.
Кез келген проблеманың үнемі назарға алынып отырған жағдайда ғана шешілетінін айтқан жөн. Бұл тұрғыда, Қазақстанның бастамасы ден қоюға лайықты.