«Наурыз.kz» комедиясының трейлері жарияланды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ғаламторда «Наурыз.kz» комедиясының трейлері жарияланды. Кинокартинаның режиссері Асқар Бисембин көрерменге «Свадьба на троих», «Адель», «Замуж в 30» фильмдерімен танымал.

Кинотуынды махаббат пен мейірімге ғана емес түрлі қызықты оқиғаларға толы. Әсіресе, ғажайып мистикалық құрал, Наурыздың символы - алтын білезік кино кейіпкерлерін неше түрлі шытырман оқиғаларға әкеледі.

Картинаның авторлары Асқар Бисембин, Василий Земзюлин, продюсерлері Алмас Сұлтанғазин, Олег Головашкин.

Түсірілім жұмыстарына Қазақстан өңірлерінің жүздеген тұрғыны қатысқан.

Басты рөлдерде - Берік Айтжанов, Жанар Дугалова, Анатолий Кренженчуков, Алдабек Шалбаев, Кентал, Айқын, Жанаргүл Жаныаманова, Саят Мерекеұлы, Данагүл Темірсұлтанова, Данил Волковинский, Екатерина Дзвоник, Жеңіс Омаров, Шәріп Серік, Еңлік Біләлова, Саттар Ерубаев ойнайды.

«Менің ойымша, фильм жақсылыққа толы, қай жағынан алсаң да ұтымды шыққан. Онда жас та бар, кәрі де бар. Қызықты ғана емес мұңға толы оқиғалар жетерлік. Жүректі селт еткізетін тұстары да аз емес. Көпшілікке ұнайды деген сенімдеміз», - деді ол.

Кино жалпы прокатқа 2017 жылдың 16 мамырында шығады.